Ақтөбеде мыс компаниясында жұмысшы қаза тапты

«Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС №2 байыту фабрикасының​ концентрат қоймасында өнімді өндіруге дайындау және тиеу жұмысы кезінде жазатайым оқиға болды.

«Copper Technology» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жүк тиегіш машинасының жүргізушісін айырлы​ жүк көтергіш құрал​ы қағып кетті. Жұмысшы оқиға орнында қаза болды.

«Өңір басшысының тапсырмасымен жағдайды тексеріп, қайғылы оқиғаның себебін анықтау үшін облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының төрағалығымен арнайы комиссия құрылды. Тексерістің нәтижесі туралы қосымша хабарланатын болады», – деп хабарлады өңірлік коммуникация қызметі.

Back to top button