Атырауда таксистерді қорқытып, ақша алып отырған діни ағымдағылар ұсталды

/
Атырауда таксистерді қорқытып, ақша алып отырған діни ағымдағылар ұсталды
ашық дереккөзі
Атырауда таксистерді қорқытып, ақша алып отырған діни ағымдағылар ұсталды Атырауда деструктивті діни ағым өкілдері ұсталды, – деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті. 5 шілдеде ҰҚК Атырау облысы бойынша департаменті прокуратурамен және облыстық полиция департаментімен бірлесіп, спорттық орта өкілдері мен деструктивті діни ағымды ұстанушылардан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топтың заңға қайшы әрекетінің жолын кесті.  width= Топқа қатысушылар ұзақ уақыт бойы бағдарлық такси жүргізушілерін («Атырау-Орал-Атырау») күш қолданамыз деп қорқытып, ақшалай қаражат бопсалаған. ҰҚТ-ның 4 белсенді қатысушысы ұсталды. Фигуранттардың және олардың жақын байланыстарының тұрғылықты жерінен 3 әртүрлі қару мен оларға оқ-дәрі, сондай-ақ олардың қылмыстық әрекетін растайтын құжаттық материалдар (чектер, журналдар, банк карточкалары) табылып, алынды.  width= Осы факт бойынша ҚР ҚК 194-бабының 2-бөлігі (бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Топ жетекшісі тергеу изоляторына қамалды, қалғандары ешқайда кетпеу туралы міндеттеме алды. Тергеу шаралары жалғасуда.  
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары