50622
"Нұр-Мүбарак" мешітінің қарауылы бала зорлады деген ақпаратқа қатысты имам пікір білдірді
"Нұр-Мүбарак" мешітінің қарауылы бала зорлады деген ақпаратқа қатысты имам пікір білдірді
Белгілі дінтанушы ғалым, "Нұр-Мүбарак" мешітінің имамы Қайрат Жолдыбайұлы заңгер Айман Омарова таратқан "Мешіттің қарауылы бала зорлады" деген ақпаратқа қатысты Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында пікір білдірді.
Ол әлі анық-қанығына көз жеткізілмеген ақпаратты таратып, мешіт қызметкерлерін кінәлауға болмайтынын, сонымен қатар, бұл ақпарат расталып жатқан кездің өзінде, мешіт пен "Нұр-Мүбарак" университетінің және жатақхана ғимараттарын арнайы жалданған күзет компаниясы қарауылдайтындықтан олардың мешітке тікелей қатысы жоқ екенін айтты.
View this post on Instagram