768
Алматы тауларынан табылған қыз жансақтау бөлімінде жатыр
Алматы тауларынан табылған қыз жансақтау бөлімінде жатыр

Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. Таудан табылған Әлия Қамиева төтенше жағдайлар кызметінің бригадасымен №7 қалалық клиникалық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілді.
«Реанимацияда мультидисциплинарлық топ жан-жақты тексеріп қарады, барлық қажетті зертханалық-диагностикалық зерттеуді жүргізілді. Түскен кездегі жағдайы ауыр, сөйлей алмайды. Әрі қарай бақылау және емдеу үшін анестезиология, қарқынды терапия және реанимация бөлімшесіне жатқызылды», - деп хабарлады Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
Бұған дейін, турист қызды таудан түсіру үшін тікұшақ жіберілген болатын.
Еске салайық, 31 жастағы Әлия Қамиева 5 шілдеде үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Оның анасы 7 шілде күні құтқарушыларға жүгінді. Куәгерлер алматылық қызды соңғы рет Үлкен Алматы көлінің маңынан көрген. Іздестіру-құтқару жұмысына құтқарушылар қатысып, барлық күш-құрал жіберілді: республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері, «109» құтқару қызметі, 75 волонтер атсалысты.