516
ҰБТ-2021: ереже бұзған 1 226 талапкердің нәтижесі жойылды
ҰБТ-2021: ереже бұзған 1 226 талапкердің нәтижесі жойылды

Ұлттық бірыңғай тест тапсыру ережесін бұзған 1 226 талапкердің нәтижесі жойылды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев айтты.
«Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға тыйым салынған заттарды алып, салдарынан 756 түсуші ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 2 есеге аз. Бұған қоса, ҰБТ кезінде тыйым салынған заттардың саны 3 есеге азайды», - деді ол министрліктің аппарат жиналысында.
Оның атап өтуінше, биыл талапкерлер ҰБТ тапсыруға тыйым салынған 749 затты алып кірмек болған.
«Тестілеу кезінде ереже бұзғаны үшін 1 226 адамның нәтижесі жойылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 86 адамға көп», - Қуаныш Ерғалиев.