425
Коронавирус: 9 өңір «қызыл» аймақта тұр
Коронавирус: 9 өңір «қызыл» аймақта тұр

2021 жылғы 7 шілдедегі жағдай бойынша еліміздің өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәлім таратты.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау және Павлодар облыстары.
«Сары» аймақта: Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Жасыл» аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.