сенбі, 19 сәуір, 2025

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Еуропа чемпионы титулы үшін айқасады

ашық дереккөзі
Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Еуропа чемпионы титулы үшін айқасады 10 шілдеде Алматы қаласында үлкен бокс кеші өтіп, соның аясында рингке бұрын еш жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбек шығады, деп хабарлайды Sports.kz. Отандық боксшының қарсыласы Ұлыбритания өкілі Ронни Кларк (21-4, 10 КО) болмақ. BoxRec.com мәліметінше, кездесу жеңімпазына WBO нұсқасы бойынша екінші жартылай жеңіл салмақта Еуропа чемпионының титулы беріледі. Жекпе- жек он раундтан тұрады. Сұлтан Зауырбектің соңғы айқасы өткен жылдың соңында Алматыда өткен. Онда төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Украина файтері Владислав Мельникті (12-3, 7 КО) жеңді. Атап өтейік, бұған дейін қазақстандық боксшы жастар арасында WBC нұсқасы бойынша осы салмақ дәрежесінде әлем чемпионы титулына ие болған.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары