Жаңалықтар

Маңғыстауда теңізге құлап кеткен көліктің видеосы желіде қызу талқылануда (видео)

Маңғыстау облысында теңізге құлап кеткен көліктің видеосы әлеуметтік желіде қызу талқылануда.

ҚазАқпараттың жазуынша, әлеуметтік желіде тараған видеода таспада көлік жартылай суда тұр. Дегенмен көліктің жанында жүргізуші мен жолаушылар жоқ.

«Бұл оқиға жайында арыз берілген жоқ. Полиция департаментіне немесе кезекші пультіне қоңырау түспеді. Маңғыстау облыстық ауруханасына да түскендер жоқ. Көлік иесі өз күшімен көлікті теңізден шығарып алған», – деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға Маңғыстау облысындағы «Қаражанбас» кен орнына жақын маңда болған.

Back to top button