Спорт

Шетел сарапшысы: «Шавкат Рахмонов Хабиб Нұрмагомедовтан асып түседі»

USA Today Sports порталының сарапшысы Нолан Кинг Vesti.kz сайтына берген сұхбатында қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновты ешқашан жеңіліп көрмеген, UFC-дің экс-чемпионы ресейлік Хабиб Нұрмагомедовтан асып түсетінін айтты.

«Рахмонов – біртуар спортшы. Ол – жан-жақты әрі қарапайым атлет. Көпшілік оны Хабибпен салыстырады, алайда ол Хабибтан асып түседі. Шавкат адуынды екі қарсыласқа қарсы жекпе-жек өткізіп, екеуінде де айқын басымдықпен, мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Ал Хабиб UFC аясында өткен екінші кездесуінде қарсыласын төрешілер шешімі бойынша жеңген болатын» – дейді сарапшы.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов екі күн бұрын Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) өткен UFC Fight Night турнирінде бразилиялық Мишель Празересті тұншықтыру әдісімен жеңген болатын.

Back to top button