Аймақ

Түркістан облысында 3 ай бұрын жоғалып кеткен жасөспірім табылды

Түркістан облысында 3 ай бұрын жоғалып кеткен жасөспірім табылды.

Осыдан 3 ай бұрын СЧайрам АІЖ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, кәмелетке толмаған, 11 сынып оқитын ұлы хабар-ошарсыз кеткенін айтқан. Ер адамның айтуынша, жасөспірім үйден кетуіне үйдегі жанжал себеп болған, ұялы телефоны сөндірулі, деп хабарлайды polisia.kz.

Тәртіп сақшылары бұл фактіні полиция басқармасында тіркеп, жоғалған оқушыны іздеуге кіріскен.

Үш айдан кейін полиция қызметкерлері оқушының қайда екенін анықтаған. ол Шымкент қаласынан табылды. Осылайша баланы полиция үйіне жеткізіп, ата-анасына тапсырды.

Back to top button