Жаңалықтар

Ақтоты Райымқұлова журналистерді «Алтын Томирис» сыйлығымен марапаттады

Нұр-Сұлтанда мәдениет пен өнерді насихаттаған журналистерге «Алтын Томирис» сыйлығын тапсыру салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сыйлықты Мәдениет және спорт министрлігі мен «Астана Опера» театры тағайындаған. «Алтын Томирис» алғаш рет тапсырылды.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова БАҚ өкілдеріне «Алтын Томирис» марапаттарын, құрмет грамоталары мен «Қазақ операсының аңыз адамдары» естелік кітаптарын табыс етті. «Алтын Томирис» мүсіншесі «Астана Опера» театры ғимаратының жоғары жағындағы квадрига түрінде жасалған. Онда күйме арбаның тізгінін ұстаған сақ патшайымы Томирис бейнеленген.

Back to top button