Лондон метросында жарылыс болды

Лондон метросында жарылыс болды

Лондон метросында жарылыс болды
ашық дереккөзі
Лондонның оңтүстігіндегі Элефант және Касл аймағындағы метрода жарылыс болды. Бұл туралы ақпаратты Лондондағы Өрт сөндіру бригадасы өзінің Twitter-дегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Lenta.ru.
Өрт сөндіру бригадасының өкілдері теміржол аркаларының астындағы дүкендер мен жақын маңдағы бірнеше көліктің жанып жатқанын хабарлады.
Оқиға орнында 100 өрт сөндіруші мен 15 машина жұмыс істеді. Жергілікті тұрғындарға мүмкіндігінше үйлерінен шықпау және терезелер мен есіктерді жабу міндеттелді.
Өрттің себептері мен жараланғандардың саны әлі белгісіз. Сонымен қатар жергілікті полиция жарылысты террористік шабуыл деп санамайтынын мәлімдеді.