Шығыс Қазақстан облысында жеңіл жүрісті қыздарды тонаған ер адам ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында жеңіл жүрісті қыздарды тонаған ер адам ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында жеңіл жүрісті қыздарды тонаған ер адам ұсталды
ашық дереккөзі
50250
Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері жеңіл жүрісті қыздарды тонап кеткен ер адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ШҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бойжеткенмен бір пәтерде отырған азамат оның интимдік қызмет көрсететінін біліп қалған. Сондай-ақ нәзік жандының басқа жеңіл жүрісті қыздармен кешке қарай пәтерге жиналып, тапқан ақшаларын өзара бөлісіп, соманың бір бөлігін сақтап қою үшін араларындағы жауапты адамға беретіндіктерін естіген. Сол кезде қылмыс жасауға бекінген ол маска тағып, жезөкшелердің жұмыстан қайтып оралуын күтіп, подъезге жасырынған. Пәтерге келген бойжеткендер сол күні тапқандарын санап, өзара үлестіріп жатқанда кіріп келген тонаушы ақшаны тартып алып, сол жерден тайып тұрды. «Ұрлық жасаған айыпталушы бес жылға бас бостандығынан шектелді. Қазір ол тіркеуге алынып, пробация қызметінің инспекторлары онымен профилактикалық жұмыстар жүргізуде», - деді Үлбі аудандық пробация қызметінің бастығы Алмас Бұйратов.

Серіктес жаңалықтары