949
Көшедегі шам бағанынан тоқ соққан: Ақтауда 8 жастағы бала көз жұмды
Көшедегі шам бағанынан тоқ соққан: Ақтауда 8 жастағы бала көз жұмды
Ақтауда 8 жастағы бала тоққа түсіп қаза тапты. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Lada.kz.
Қайғылы оқиға 23 маусым күні №7 мектеп-лицейі мен «Толқын» базарының маңында болған.
Оқу орны қоршауының маңына жарық шам орнатылған. Куәгерлердің айтуынша, бала осы шамның бағанын ұстаған кезде оны тоқ ұрған. Оқиғаның нақты қалай болғанын анықтау үшін оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаменті.https://www.youtube.com/watch?v=8KmbIEtdTXk