306
Moderna коронавирусқа қарсы вакцинасының атауын өзгертті
Moderna коронавирусқа қарсы вакцинасының атауын өзгертті
Америкалық Moderna компаниясы коронавирусқа қарсы вакцинасының атауын өзгертті. Бұл туралы Еуропа дәрілік заттар агенттігі хабарлады.
Moderna вакцинасы енді Spikevax деп аталады. Компания бұл шешімнің себебін түсіндірген жоқ.
Мамыр айының басында Дүниежүзілік вакциналар конгресі Moderna препаратын коронавирусқа қарсы ең жақсы вакцина деп жариялаған болатын. Содан кейін ресейлік "Спутник V", сондай-ақ AstraZeneca, Bharat Biotech, Janssen, Medicago, Novavax, Pfizer/BioNtech және Zoetis жануарларға арналған вакцина қысқа тізімге енгізілді.
ЕМА Moderna вакцинасының қауіпсіздігін наурыз айының басында растады. Сәуір айының соңында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл препаратты шұғыл қолдануға ұсынылған вакциналар тізіміне енгізді.