Өмірзақ Шөкеев той-томалақты тоқтатуды тапсырды

Өмірзақ Шөкеев той-томалақты тоқтатуды тапсырды

Өмірзақ Шөкеев той-томалақты тоқтатуды тапсырды
ашық дереккөзі
5237
Мобильді топтар мен полиция қызметкерлері Түркістан облысында жыл басынан бері мобильді топтар мен полиция қызметкерлері 400-дей тыйым салынған отбасылық, мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылғанын анықтады, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Мерекелік іс-шаралардың 225-і қоғамдық тамақтану орындарында, қалғаны тұрғындардың өз ауласында өткізілген. Оған қоса індетпен ауырғандардың 75%-ға жуығы вирусты мерекелік, отбасылық шаралар кезінде, көпшілік орындарда жұқтырған.
«Ауру қайтадан белең алып бара жатыр. Мониторинг емес, тексеруді күшейту керек. Көріп отырмын, кей аудандарда айқайлап тұрып той жасап жатыр. Беташары болсын, басқасы болсын. Қадам бассаң, барлық жерде той болып жатыр. Елдегі эпидемиологиялық жағдайды біле тұра, той жасағандарды тоқтату керек»,-деді Өмірзақ Шөкеев.
 width= Өңірдегі эпидемиологиялық ахуал көңіл көншітпейді. Сондықтан барлық аудан, қала әкімдері қатаң сынға ұшырады. Елдегі эпидемиологиялық ахуалды біле тұра, санитарлық талаптардың сақталуын бақылау мақсатында тынымсыз жүргізіліп келе жатқан тексерулерді елемегендерге жаза, жауапты басшыларға шара қолданылмақ. Аумақтық СЭБ басқармалары тарапынан  31 адамға қаулы шығарылып, ескерту берілді. Мобильді топтар және Полиция қызметкерлері тарапынан СЭБ басқармаларына  4 мыңға жуық шағым түсті. Оның ішінде 3 мыңға жуығына әкімшілік хаттама толтырылып, 160 млн теңге айыппұл салынды. Карантин режимін бұзған 31 нысанның жұмысын тоқтату бойынша талап арыздар сотқа өткізілді. Соттың шешімімен 16 нысанның жұмыс тоқтатылды. Қалған 15 талап арыз бойынша материалдар сотта қаралып жатыр.

Серіктес жаңалықтары