Асқар Мамин коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин биылғы 21 маусымда жұмыс күні аяқталғаннан кейін коронавирусқа қарсы вакцина алды, – деп хабарлайды primeminister.kz.

Үкімет басшысы Қарағанды фармацевтикалық зауытында шығарылған «Спутник V» вакцинасын салдырды. Асқар Маминнің вакциналаудан кейінгі жағдайы жақсы, ешқандай жанама әсерлері болған жоқ. Бүгінгі таңда Қазақстанда 2,8 млн-нан астам адамға – бірінші компонент, 1,7 млн-нан астам тұрғынға – екінші компонент егілген.

Back to top button