Түйе жайылымы арнайы құрылғымен суарылады

Түйе жайылымы арнайы құрылғымен суарылады

Түйе жайылымы арнайы құрылғымен суарылады
ашық дереккөзі
1241
Шыңжаңның Алтай аймағы, Жеменей ауданы, Шалшықай ауылынан 24 шақырым жерде түйе бағатын базаның жайылымдық жерін қаз-қатар тізілген ірі бүркіп суару құрылғылары суарады, деп хабарлайды altxw.com порталы. Түйе базасының бастығы Досбол Базарханұлы қандасымыз - ойсылқара тұқымын өсіру тәжірибесі мол кәсіпкердің бірі. Ол - базадағы қызметкерлерге түйе саууды, бағудың қыр-сырын үйретеді екен. «Қазір осы базада жиыны 2063 түйе бар, 50-ден астам адам тұрақты жұмыс істейді. Олар айына 3600 юань жалақы алады. 2019 жылы маусым айында құрылған бұл база аудан бойынша 1026 отбасы жайылымды жалға беру, түйе бағу, жұмысқа орналасу, пайдадан үлес алу қатарлы тәсілдермен отбасылқ кірістерін арттырды. Сол арқылы бұл жердегі әр адамның айлық кірісі орта есеппен 6000 юаньнан асты (390 000 теңге көлемінде - авт.)», деп жазады қытайлық сайт. База ішіндегі «Түйе бағымшылығы бақшасы» деп аталатын сауда дүкенінің қожайыны Жаңанұр Керімқызы бір жағынан кесте тігеді екен. Жаңанұр мен жолдасы түйе бағу базасының тұрақты қызметкері. Олар айына 7000 юаньнан астам (455 000 теңге көлемінде - авт.) еңбекақы алатынын айтады. Бос уақыттарында ерлі-зайыптылар база ішінде дүкен, асхана ашады. Айта кету керек, бұл арадағы қазақ малшылар ежелден бері түйе бағуды кәсіп еткен. Жуырдағы жылдардан бері бұл кәсіпті белсенді дамытып, «бірлескен коператив, бағымшылық базасы, түйеші отбасылар» сынды түйе бағудың бизнес формасын қалыптастырып, аталған кәсіп арқылы халықтың табысын көбейтуді жедел ілгерілеткен.  width=  width=

Серіктес жаңалықтары