Жаңақорған кентінде тұратын 1992 жылы туған Агнярова Гүлбейне 17 маусым күні сағат 08.00 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Бұл жөнінде туыстары аудандық полиция бөліміне арызданған. «Бұл азаматшаның ерекше белгілері: бойы – 170-175 см, шашы – ұзын, қара, көзі – қара, домалақ, қыр мұрынды, қалың қасты, домалақ ерінді. Үстіне ақ түсті көйлек, қолында көк түсті сумка, аяғында ақ түсті туфли киген», - деп жазылған полиция таратқан хабарламада.
Жүктелуде...