Балағат сөз айтқан оқу ісінің меңгерушісі өз-өзіне қол жұмсады

Балағат сөз айтқан оқу ісінің меңгерушісі өз-өзіне қол жұмсады

Балағат сөз айтқан оқу ісінің меңгерушісі өз-өзіне қол жұмсады
ашық дереккөзі
1021
Әлеуметтік желіде бейәдеп сөз айтқан бейнежазбасы тарап кеткен педагог өз-өзіне қол жұмсады. Бұл туралы журналист Сардар Әбдіжақия өзінің Facebook парақшасында хабарлады. Журналист Бадам ауылындағы А.Шерімқұлов атындағы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ұлжан Елмұратова өзіне қол жұмсап, қазір жансақтау бөлімінде жатқанын жазды.
«Әзірге есін жиған жоқ, жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер нақты ештеңе айта алмайтынын, егер өзіне келмесе санавиация шақыратыны туралы ауызша ақпарат алдым» – деп жазды Сардар Әбдіжақия.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын педагогтің Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Ұлжан Елмұратованы моральға қайшы іс-әрекеттері үшін қызметінен босатылатынын хабарлаған болатын. Сонымен қатар сол мектептің директоры да қызметінен айырылды.

Серіктес жаңалықтары