444
Жыл басынан бері 113 педофил сотталды - Бас прокуратура
Жыл басынан бері 113 педофил сотталды - Бас прокуратура
Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовтің төрағалығымен өткен кеңейтілген алқа отырысында прокуратура органдарының 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысы қорытындыланды, деп хабарлайды zakon.kz.
Ведомствода нақтылағандай, биыл прокуратура органдары мемлекет пен азаматтардың мүдделерін қорғау, қылмысқа қарсы күрестің алдын алу, қылмыстық процестің үш буынды моделі институтын енгізу бойынша жұмыс жүргізді.
Қоғамдық мүдделерді қорғау саласында мемлекеттік бюджетке 11 млрд теңгеден астам қаражат өтелді. 405 мың жұмыскердің пайдасына жалақы бойынша 3,4 млрд теңге берешек өндірілді. Мобильдік топтар 70 мыңнан астам кәсіпкерлер құқығын бұзудың жолын кесті, 26 млн теңгеден астам сомаға 29 мың әкімшілік өндіріс жойылды. Қылмыстық заңнаманы қатаңдату нәтижесінде мас күйінде көлік жүргізгені үшін бас бостандығынан айырылғандардың саны 4,5 есеге - 106-дан 473-ке дейін ұлғайды, балалардың жыныстық зорлық-зомбылық туралы істері бойынша барлық 113 педофил түзеу мекемелеріне жіберілді, деп хабарлады Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.