450
Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды
Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды
Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды.
Отырыста Үкімет пен Есеп комитетінің 2020 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері қаралады. Айта кетейік, аталған есептер осыған дейін Мәжіліс пен Сенаттың жалпы отырыстарында талқыланған болатын.
2020 жылы республикалық бюджеттің атқарылуы жаһандық дағдарысқа байланысты іскерлік белсенділіктің айтарлықтай төмендеуі жағдайында жүзеге асырылды. Қаржы министрлігінің мәліметінше, жалпы ішкі өнім нақты 2,6 пайызға төмендеді.
Бұл негізінен карантиндік шаралардың енгізілуінен қызметтер көрсетудің 5,4 пайызға төмендеуіне байланысты болды. Дегенмен экономиканың нақты секторы 2 пайызға өскенін көрсетті. Бюджеттің басым бағыттары төтенше жағдай кезінде азаматтарды және нақты секторды қолдауға арналған шығыстар болды. Бұл - әлеуметтік төлемдерді индекстеу, шағын және орта бизнес субъектілеріне салық ауыртпалығын төмендету, «Жұмыспен қамту жол картасы», «Бизнес жол картасы», «Еңбек» және басқа да бағдарламалар. Бюджет түсімдері 100,3 пайызға орындалып, 12 трлн 49 млрд теңгеге жетті.
Шығыстар 98,3 пайызға игерілді және 14 трлн 234 млрд теңгені құрады. Әлеуметтік шығыстар 2019 жылмен салыстырғанда 1,4 трлн теңгеге ұлғайып, 6,6 трлн теңгені құрады. Бұл республикалық бюджеттің жалпы көлемінің 47 пайызы.