Жәнібек Әлімханұлының кәсіби рингтегі басты жекпе-жегін тікелей эфирден көрсетеді

Жәнібек Әлімханұлының кәсіби рингтегі басты жекпе-жегін тікелей эфирден көрсетеді

Жәнібек Әлімханұлының кәсіби рингтегі басты жекпе-жегін тікелей эфирден көрсетеді
ашық дереккөзі
Бокс жанкүйерлері қазақстандық танымал боксшы Жәнібек Әлімханұлының кәсіби рингтегі басты жекпе-жегін тікелей эфирден тамашалай алады. Бұл туралы Қазақстанның кәсіби бокс жаңалықтары Instagram парақшасынан мәлім болды. Желідегі ақпаратқа қарағанда, 27 маусым, жексенбі күні қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5КО) өзінің карьерасындағы ең басты кездесуін АҚШ-та өткізеді. Лас-Вегаста (Невада штаты) Жәнібек WBА нұсқасы бойынша экс әлем чемпионы АҚШ өкілі Роб Брантпен (26-2, 18КО) кездеседі. Кездесудің тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 08:00-де басталады және «Хабар» телеарнасынан көрсетіледі. Айта кетейік, Жәнібек өзінің соңғы кездесуін өткен жылдың қазан айында Лас-Вегаста өткізіп, аргентиналық Гонсало Корианы (16-4, 6КО) екінші раундта нокаутқа түсірген болатын.