298
Матч кезінде жүрегі тоқтап құлаған футболист жағдайын айтты
Матч кезінде жүрегі тоқтап құлаған футболист жағдайын айтты

Еуропа чемпионатының матчінде жүрегі тоқтап құлаған 29 жастағы ойыншысы Кристиан Эриксен жағдайы туралы айтты, – деп жазды «Чемпионат» басылымы.
«Бәріне рақмет, мен берілмеймін. Қазір жағдайым жақсы, бірақ, не болғанын түсінгім келеді. Маған көмек көрсеткен әрбір жанға алғыс айтамын», – деді Эриксен La Gazzetta dello Sport басылымына.
Данияның «BT» басылымының ақпараты бойынша, «Интер» құрамасының жартылай қорғаушысы ауруханаға жатқызылғаннан кейін бірнеше сағаттан соң клуб мүшелеріне хабарлама жіберген.