Полицейлер жаңа форма киеді – министр

Жыл соңына қарай Қазақстандағы патрульдік полицейлер мен учаскелік инспекторлар жаңа формаға ауысады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.

«Жыл соңында көшеде қызмет көрсететін патрульдік полиция мен учаскелік инспекторлардың формасын ауыстырамыз. Форма қазірдің өзінде мақұлдаудан өтті, ол көшеде қызмет етуге өте ыңғайлы. Жаңа элемент – кроссовка, бәтеңкелер түріндегі аяқ киім енгізіледі, бұл полицейлер үшін өте қажет, себебі олар – жаяу патрульдер, халықпен тікелей жұмыс істейтін жедел қызметшілер», – деп жауап берді Ерлан Тұрғымбаев.

Жаңа формада түнгі уақытта көзге шағылысатын элементтер де қарастырылған.

Министрдің айтуынша, алдағы екі жылда барлық полицейлерді жаңа формаға ауыстыру жоспарланған.

2bbdbced 6e68 44ad b7c1 1b54b872443b

Back to top button