244
Ақтөбеде жоғары шенді полицей ұсталды
Ақтөбеде жоғары шенді полицей ұсталды

Ақтөбеде полиция департаменті тергеу басқармасының басшысы ұсталды. Полковник Евгений Годлевский ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді, – деп хабарлады КТК телеарнасы.
Телеарна мәліметінше, жоғары шенді полиция қызметкерінің ұсталуы көбіне тосын жағдай болған, себебі Годлевскийдің құқық қорғау органдарында 25 жылдық тәжірибесі бар. Күзде ол зейнетке шығады.