285
Президент лауазымына 2 жыл: халықаралық шолушы авторлық хабар жасады
Президент лауазымына 2 жыл: халықаралық шолушы авторлық хабар жасады

Бүгін белгілі ресейлік журналист, халықаралық шолушы, тарихшы Леонид Млечин Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Президенті лауазымына сайланғанына екі жыл толуына орай өзінің YouTube арнасында авторлық хабарын жариялады. Бұл туралы Мемлекет басшысының Баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.
Автор «Казахстан между Россией и Китаем. 2 года Президента Токаева» деп аталатын деректі жобада Қазақстан басшысының саяси бағыт-бағдары жөнінде өзінің ой-пікірін ортаға салған.
Ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған реформалар туралы ғана емес, сондай-ақ, Мемлекет басшысымен кездескенде алған өз әсері жайлы да егжей-тегжейлі әңгімелейді.
https://youtu.be/QYKDnFJKXYY