212
Елордада 37 мотоцикл өртеніп кетті
Елордада 37 мотоцикл өртеніп кетті

Елордада мотоцикл сататын дүкеннен өрт шығып, 37 көлік жанып кетті.
«8 маусым күні сағат 11:54-те елордалық өрт сөндірушілер Герцен көшесінде орын алған өртті сөндіруге шықты. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетті. Сағат 12:02-де мотоцикл сататын дүкеннің іргелес аумағында 15 шаршы метрде 36 дана мотоцикл мен 1 дана қарда жүретін техниканың жанып жатқандығы анықталды», – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Өрт сағат 12:09-да толықтай сөндірілді. Сөндіру жұмыстарына Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД жеке құрамынан 10 адам және 2 техника жұмылдырылған.
«Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажет екендігін ескертеді», – дейді ТЖМ баспасөз қызметі.