Қазақ қызының өлімі: Мәскеу соты шенеуніктің ұлына қатысты үкім шығарды

Қазақ қызының өлімі: Мәскеу соты шенеуніктің ұлына қатысты үкім шығарды
Мәскеу соты Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы Муртузали Меджидовты ММХҚИ студенті қазақстандық Томирис Байсафаны өлтірді деп тағылған айыптан ақтап шығарды, – деп хабарлады РИА Новости.
«М.Меджидов алқабилер үкіміне сәйкес ақталды», – деді сотта.
Марқұмның туыстары сотталушыдан 30 миллион рубль көлемінде өтемақы өндіріп алуға тырысқан. Бірақ сот олардың азаматтық талабын қабылдамады.