233
Елімізде алдағы үш тәулікте күн суытады – Қазгидромет
Елімізде алдағы үш тәулікте күн суытады – Қазгидромет

«Қазгидромет» РМК алдағы үш тәуліктегі ауа райы болжамын ұсынды.
«Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігі фронталды бөліктердің ықпалында болып, жаңбыр жауады. 10 маусымда Қазақстанның орталығында және оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, қатты жел соғады, нөсер жаңбыр мен бұршақ күтіледі. Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл сақталады. Солтүстік-батыстан ығысатын кезекті суық антициклон еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасының төмендеуіне алып келеді: түнде 3-8, кей жерлерде 12 градусқа дейін. Күндіз 17-22, кей жерлерде 25 градус жылы болады. Елдің қалған аумағында температуралық фонда айтарлықтай өзгеріс күтілмейді», – деді синоптиктер.