COVID-19 : Қытай балаларға 3 жастан вакцина салуды мақұлдады

COVID-19 : Қытай балаларға 3 жастан вакцина салуды мақұлдады
Қытай 3 жастан 17 жасқа дейінгі балаларға COVID-19-ға қарсы Sinovac Biotech вакцинасын қолдануды мақұлдады, – деп хабарлайды Reuters.
Sinovac фармацевтика компаниясының басшысы Инь Вайдунның айтуынша, егде жастағы адамдар кәмелетке толмаған балалармен салыстырғанда коронавирусқа қарсы вакцинацияға мұқтаж. Себебі, егде адамдарда инфекция жұқтырғаннан кейін ауыр салдар жиі кездеседі.