Қазақстанда лицензияланбаған компаниялардың тізімі

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстанда лицензияланбаған компаниялардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Агенттік бұл ұйымдардың жұмыс істеу схемасы клиентке шетел валютасымен және өзге де қаржы құралдарымен операциялар жасау үшін жабық интернет-сервистерге және сауда платформаларына қашықтан кіру берілетінін айтады. Мұндай платформаларда клиенттер өздерінің жеке кабинетінде өз қаражатының «ұлғаюын» байқауы мүмкін. Клиент «тапқан» кірісін алуға әрекет жасаған кезде, бұл компаниялар ақшаны қайтарғаны үшін қосымша сыйақы талап ете отырып клиентке оның ақшасын қайтарудан жалтарады, не қандай да бір себептермен клиенттердің шоттарының негізсіз «күшін жояды», бұл да алаяқтық әрекеттер белгісіне ие болады.

2020 жылдан бастап клиенттердің ақшасын инвестициялық мақсаттар үшін тартатын лицензияланбаған компаниялардың қызметі бойынша 40-тан астам шағымдар мен өтініштер келіп түсті.

«Осындай компаниялар көп жағдайда оффшорлық аймақтарда тіркелген және олардың қаржы реттеушісінің қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы жоқ. Олар клиенттерге консультациялар беруді ұсынады және өз сервистері арқылы қаражатты инвестициялау бойынша оқыту жүргізеді. Қазақстан Республикасының аумағында аталған компаниялар негізінен қашықтан, өкілдіктер мен филиалдар, не сенімхат бойынша өкілдер арқылы жұмыс істейді», – делінген ресми хабарламада.

Осындай компаниялардың банктік салымдар бойынша сыйақының ағымдағы мөлшерлемелерінен көп асатын жоғары пайданы уәде ете отырып, өз қызметтерін негізінен әлеуметтік желілер арқылы агрессивті түрде жарнама жасайтынына назар аударған жөн.

Осыған байланысты, Агенттік Қазақстан Республикасының азаматтарын агрессивті жарнамаға берілмеуге және түсінікті әрі айқын құқықтық режимі бар компаниялармен жұмыс істеуге шақырады.

Уәкілетті органның ҚР бағалы  қағаздар нарығында қызметпен айналысуға лицензиялары бар брокерлік не дилерлік ұйымдардың тізімі Агенттіктің ресми сайтында орналастырылған.

Аталған компаниялардың қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында қатаң түрде регламенттеледі. ҚНРДА ойыншылардың қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады және бұл компаниялардың қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын және олардың заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз етеді.

Лицензияланбаған «инвестициялық делдалдардың» тізімі:

  • «SECVISION LIMITED» (TRADING TECK);
  • AdvanceStox (Malarkey Consulting LTD);
  • Apexcrypt LTD;
  • Avance.Fund;
  • AxeCapital;
  • Azambusiness;
  • Capital level;
  • FinAxis;
  • Fin-case Ltd;
  • Fincentra LTD Trust Company Complex;
  • Forex Optimum Group;
  • Global Alliance;
  • Halykcompany;
  • Histmo;
  • Icon investing;
  • IINTERNATIONAL VERSION FINANCIAL SOLUTION;
  • Infiniko Invest Trade LTD;
  • Infiniko Superbinary;
  • Lab Finance;
  • LBC-CAPITAL;
  • Lime FX (Rest Soft LTD) және Prometheus LTD;
  • MarketsSoft;
  • Invest Absolut;
  • Maxi Markets Limited;
  • Maxi Platinum Ltd;
  • Oldix group kft;
  • Pineda International SP;
  • Prime Capitals;
  • RAISE TRADE LTD;
  • Remaxima;
  • Siriusfn;
  • TBXCapital;
  • Terra Finance;
  • TitanPro 500;
  • TraderKing;
  • Trading Times;
  • UMARKETS (PROMETHEUS LTD);
  • Waxx Capital Ltd;
  • Wexness Banc;
  • Winmarkets;
  •  EVROASIA GLOBAL INVESTMENT АҚ;
  • «Халықаралық консалтинг бюросы» QNET ЖШС;
  • «EVROPA INVESTMENT» ЖШС;
  • «Астра консалтинг агенси» ЖШС;
  • Global Trade Investing

 

 

 

 

 

Back to top button