Арқалықта полиция қызметкерінің көлікке оқ атуы заңды деп танылды

Арқалықта полиция қызметкерінің көлікке оқ атуы заңды деп танылды

Арқалықта полиция қызметкерінің көлікке оқ атуы заңды деп танылды
ашық дереккөзі
50230
  Полиция қызметкерінің қашқан көлікті тоқтату үшін қызметтік қару қолданғаны заңды, деп хабарлайды «Хабар 24». Оқиға Арқалық қаласында болған. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада жол талғамайтын көліктің полицияға бағынбай қашып бара жатқандығы, жүргізушінің орнында жас баланың отырғандығы байқалады. Ал қасындағы ер адамның оған «тоқтама, жылдамдықты бас, бұрыл» деген дауысы естіледі. Кейін көлікті 14 жастағы жасөспірімнің басқарғаны анықталды. Қасындағысы әкесі болып шықты. Ол ішімдік ішкен. Полиция табельдік қарудан артқы дөңгелекке оқ атып, көлікті тоқтатқан. Осы оқиғаға байланысты баланың әкесі әкімшілік жауапкершілікке тартылады. «Оған әкімшілік кодекстің 612-бабының 5-бөлігі бойынша және 613-бабының 1-бөлігі бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Сонымен қатар қала әкімдігінің кәмелеттік жасқа толмағандар іс жөнінідегі комиссия тіисті шаралар қабылдау үшін 14 жастағы баланың ата-анасына қатысты материалдар жолданды» дейді облыстық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Құрмет Мәжікенов.

Серіктес жаңалықтары