214
Демалыс күндері еліміздің бірқатар өңірінде үсік жүреді
Демалыс күндері еліміздің бірқатар өңірінде үсік жүреді

Демалыс күндері еліміздің солтүстігі мен шығысында үсік жүреді.
«Қазгидромет» таратқан ақпаратқа сүйенсек, Скандинавия аудандарынан суық антициклонның келуі республиканың солтүстік және шығыс жартысында ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне әсер етеді. Түнде 2-7 градусқа дейін жылы болады, кей жерде 2 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз 10-20 градус жылы болады.