295
Моңғолия 1 маусымнан бастап барлық шекарасын ашуды жоспарлап отыр
Моңғолия 1 маусымнан бастап барлық шекарасын ашуды жоспарлап отыр
27 мамыр күні өткен Моңғолия Үкіметінің отырысында 1 маусымнан бастап шекараларды ашу туралы мәселе қарастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «МОНЦАМЭ» агенттігіне сілтеме жасап.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, Моңғолия азаматтары Отанына оралу үшін коронавирусқа қарсы толық вакцина алуеа міндетті емес. Яғни оларға екпені үйлеріне оралған соң алуға мүмкіндік беріліп отыр.
Онымен қоса, коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компонентін алған шет мемлекет азаматтарына Моңғолияға келуге рұқсат беріледі. Премьер-министр Л. Оюун-Эрдэнэ аталған сұрақты қосымша жіті пысықтап, шекараны ашу бойынша нақты ұсыныстарды 1 маусымға дейін Министрлер кабинетінің отырысында беруді тапсырды.