Қала басшысы қызметтік кабинетінде ұсталған болатын. Алайда ол бұл ақшаны қарызға алғанын айтып, кінәсін мойындамаған.
"Сотталушының кінәсін куәгерлердің айғақтары, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижесі, әңгіме стенограммалары мен бейнежазбалар және заттай айғақтар растады. Куәгер сотталушы ақшаны қарызға алды дегенді теріске шығарды. Ол орындалған жұмыс актілеріне қол қоюы үшін ақша бергенін растады. ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы, 2-бөлігінің санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Сот қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды анықтаған жоқ. Қабылданған антты бұзған адамның қылмыс жасауы ауырлатушы ретінде қосылды", – деді сот өкілдері.