Перзентханада ауысып кеткен сәбилер тағдыры

Осыдан 35 жыл бұрын Павлодар облысына қарасты Железинка ауылындағы перзентханада туған екі сәби ауысып кеткен. Дәрігерлердің бір сәтке мүлт кеткендігінен екі тағдыр екі жаққа кете барады. Арада ширек ғасыр өткенде тағдыр жазып Нариманды туған анасы кездейсоқ көшеде кездестіреді. Үйдегі ортаншы баласының туғаннан болмысы бөлек екенін іштей сезетін. Сонша жылдар бойы жүректе күдік болғанымен ана ешкімге бұл туралы тіс жармаған екен. Көшеде кездейсоқ жігітті көріп қалып, осы менің балам емес пе деген сұрақтың санасында жылт бергені де сол күдіктің арқасы еді.

Перзентханада ауысып кеткен сәбилер тағдыры
ашық дереккөзі
881

Баян Қуанышева екеуміз бір бөлмеде, бір сағатта тіпті бір минутта босандық. Осы сәтте дәрігерлер ауыстырып алған екен. Өз баламды тани алмаған өзіме де ашулымын. Арада бақандай 35 жыл өте шықты. Өкінгенде енді пайда жоқ. Өйткені кінәліні таба алмайсың. Тапқан күннің өзінде уақытты қайтара алмаймын ғой, деді Күтай Хамитова. "Еуразия" бірінші арнасындағы "Пендеміз ғой" бағдарламасының кейіпкерлері Ержан мен Нариман уақыттың кері қайтпайтынын жақсы түсінеді. Олардың ендігі шешімі қалған ғұмырды екі отбасымен бірге өткізу. Басында менің ата-анам қатты қорқып кетті. Мені басқа отбасына кетіп қалады деп анам көп жылады. Бірақ мені тапқан ана басқа болғанымен, мені баққан анамды тастамаймын ғой. Ешқайда да кетпеймін, екі отбасыммен бірге боламын, кезек-кезек барып тұрамын деп шештім. Тегімді де ауыстырмаймын. Осылай қалады барлығы да, деген Нариман балаларына бұл жайды түсіндіріп айтуға тырысып жүр. Бала кезінен өзінің ата-анасына, бауырларына ұқсамайтындығын жиі естіп өскен Ержанның көкейінде жауабы табылмаған сан сұрақ жатыр. Неліктен бұлай болды? Неге менің басымнан бұл жағдай өтіп жатыр? Неге мен? Ешқандай жауап жоқ. Өмірімнің жартысы өтіп кетті. Өткізіп алған уақытты ойланасың. Балалық шағым, жастық шағым барлығы да өзге адамдардың арасында өткен. Бұл өте қиын жағдай. Тағдыр табыстырған екі отбасы қазіргі уақытта жақын туыстардай араласып жүр. Ауысып кеткен балалар тақан ананың емес баққан ананың жанында қаламыз деп шеім қабылдаған екен. Бірақ, бір қарағанда бір-біріне еш қатысы жоқ екі отбасына бала ортақ, немере ортақ болып отыр.

 

Серіктес жаңалықтары