Шентоп Нығматулинмен телефон арқылы сөйлесті

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоп Қазақстан Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Түркия Радио Телевизия порталы.

Аталған БАҚ-тың жазуынша, әңгіме барысында Мұстафа Шентоп бауырлас және дос Қазақстанның түрік ұлты үшін ерекше екенін айтқан.

«Коронавирус індетіне қарсы қазақстандық вакцинаның сәуірдің соңында қолданысқа берілгенін және осы вакцинаның бір бөлімі Түркияда құтыларға құйылатынын естідім. Осы саладағы табыстарыңызбен шынайы құттықтаймын. Қарым-қатынастарымызды бекемдей түсу үшін президенттеріміздің, біздің әр өреде шешімділік көрсетуіміз маңызды», – дейді Мұстафа Шентоп.

Ал Қазақстан Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин әңгіме барсында Түркия мен Қазақстан арасында ғасырлық тарихи байланыстар болғанын еске салып, Мұстафа Шентопты күз айларына жоспарланған Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының (ТүрікПа) 10-шы Жалпы Кеңес жиналысына шақырды.

 

Back to top button