50287
Жансель Дениз Олимпиадаға жолдама жеңіп алды
Жансель Дениз Олимпиадаға жолдама жеңіп алды

Қазақстандық таеквондошы Жансель Дениз #TeamKz қоржынына кезекті жолдаманы салды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Амманда (Иордания) таеквондодан Азия құрлықтық Олимпиадаға іріктеу жарысы өтіп жатыр. Жарыстың кезекті күнінде 67 келіден жоғары салмақта Қазақстан сапынан Жансель Дениз бақ сынады. Жартылай финалда ол тәжікстандық Мохру Халимованы 12:2 есебімен ұтып, финалға шықты. Айта кетерлігі, құрлықтық іріктеу жарысында финалға шыққан спортшылар автоматты түрде Олимпиада лицензиясына иелік етеді.