Бразилиялық футболшылар қазақтың шапанын киіп, «Қара жорға» биледі (видео)

Әлеуметтік желіде Қазақстан біріншілігінде өнер көрсететін бразилиялық футболшылардың шапан киіп, «Қара жорға» биін билеген сәті тарады деп хабарлайды Sports.kz.

Видео Атырау кіші футбол клубының Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды.

Кадрдан бразилиялық футболшылар – Синезио, Антонио Далтон, Эвертон, Эрик Данило, Манеку және Келсон Винисиустың қазақтың ұлттық киімімен жүргенін байқау қиын емес.

«Дәстүр бойынша, еліміз үшін қадірлі мейманның еңбегі ескеріліп, жергілікті халықтан шапан сыйлыққа алады. Біз де Бразилиядан келген қонақтарға шапан тарту еттік», – делінген хабарламада. Өз кезегінде Пеленің жерлестері алғысы ретінде «Қара жорға» билеп, көпшіліктің көңілін көтерді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от 🟢⚪МФК «АТЫРАУ» (@mfcatyrau_official)

Back to top button