Жырақтан жеткен жетістік...

Жырақтан жеткен жетістік...

Жырақтан жеткен жетістік...
ашық дереккөзі
1458

Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады!

Абай Құнанбайұлы

Алматы облысы Алакөл ауданы аумағында орналасқан Жалаңашкөл маңайынан дәрілік өсімдіктерді зерттеу жұмыстары 2018 жылғы мамыр айында жүргізілген болатын. Сол зерттеудің нәтижесінде алғаш рет 10-нан аса өсімдіктер зерттелді. Атап айтсақ, Tamarix ramosissima L–қызыл жыңғыл, Haloxylon Bunge – сексеуіл, Cistanche Hoffmgg.Et Link - сортаң сұңғыла, Hulthemia Dumort L–итмұрын, Artemisia vulgaris - жусан,  Mentha spicata L-жалбыз, Peganum harmala L-адраспан, Urtica dioica L – қалақай, Plantago major L–жолжелкен, Glycyrrhіza glabra – қызыл мия өсімдіктеріне ботаникалық сипаттама жасалған еді. Халықтық және ғылыми медицинада қолданылатын өсімдіктерді зерттеуге шолу жасалды. Соның негізінде қазіргі таңда медицина таптырмайтын құнды өсімдіктер түрі анықталды. Оны тиімді пайдалану, жинау жөніндегі қажетті кеңестерде қарастырылып, нәтижесінде сауалнама құрастыру арқылы мектеп оқушылары бұл өсімдіктер жайында көпшіліктің көп біле бермейтіндіктерін анықтады.  width=Жалпы бұл мақаладағы мақсатымыз - халық арасында Жалаңашкөл маңындағы өсімдіктерді көпшілікке таныту болатын. Ол үшін оқушыларға тапсырма беріліп әр өсімдікке жеке-жеке бейнежазба түсіртіп, QAR- код қосымшасына енгіздіріп жаңашылдық тұрғыда оқушыларға таныту мақсатында, Мобильді QR- кітапханасын шығаруды алдымызға мақсат етіп қойдық. Әлемде болып жатқан пандемияға байланысты «Жалаңашкөлдің маңайындағы  дәрілік өсімдіктерді  QR-код стенді (мобильді кітапхана) арқылы оқушыларға таныту» атты ғылыми жобамыздың жұмыстары онлайн трансляцияда әділ, ашық түрде жүргізілді. Республикалық, облыстық деңгейде ғылыми жоба жұмыстарымыз үздік деп танылды.  Айта кетер болсақ, республикалық және халықаралық конференцияларда ғылыми жұмысты мектебіміздің оқушысы Асетқызы Ділназ нық сенімде қорғап шыққанын мақтанышпен айтуға әбден болады. Ол – ақылды, ізденімпаз, өте еңбекқор, ерекше оқушылардың бірі. Алдына мақсат қоя білетін, мектебіміздің жарқын оқушыларымыздың бірі, өзінің бойында  көшбасшылық қабілетке ие, барлық мектептің қоғамдық жұмысына белсене қатысып, аудандық зияткерлік конкурстар мен олимпиадаларға үнемі қатысуда. Бұл жұмысты ары қарай терең зерттеу үшін, ғылыми жетекші ретінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының  доценті м.а., PhD А.С. Нурмахановамен бірге жұмыс жасауға тура келді. Зерттеу нысанына арналған өсімдіктер гербарийі бойынша он түріне нақты морфологиялық сипаттамалар келтіріп, геоботаникалық зерттеу әдістерін меңгеріп, тәжірибені өз қолымен тиянақты жасады. Жиналған материалдарды сандық мәліметпен өңдеп, нәтижелерін көрнекі түрде QR кодпен көрсете біліп, сондай-ақ, халықтық медицинада қолданудың мүмкін әдістері жөнінде сауалнама жүргізілді. QR код - жапондық өнертабыс. Ол кез-келген ақпаратты цифрландыруға мүмкіндік береді. Ұялы телефоныңызда арнайы қосымша болса болғаны. Бұл оқырмандар санын арттырудың тиімді жолы болғандықтан бүгінгі күні менде нық сенімге келіп осы бастаманы қолға алып зерттеп, қызығушылық танытқан өсімдіктерді QR – код  қосымшасы арқылы мобильді кітапханаға енгіздіріп, оқушыларға таныту мақсатым іске асты. Алғаш рет Алматы облысы Алакөл ауданы Жалаңашкөл маңайындағы дәрілік өсімдіктері зерттеліп, QR–код  қосымшасына енгіздіріп,  мобильді  QR-кітапхана ұсынылып оқушыларға өте тиімді қосымша екені танытылып, анықталды. Алынған зерттеу нәтижелері өсіп келе жатқан жас буынға дәрілік өсімдіктерді QR-код стенді (мобильді кітапхана) арқылы оқушыларға туған жерінің табиғатын, өсімдіктердің түрлік құрамын тануға, сондай-ақ олардың пайдалы екенін   білуге мүмкіндік береді. Қазіргі жасөс­пірім­дер кітап оқудан қалып, заманауи «гаджеттерге» тәуелді болуда. Жалпы ғылыми жұмыстың мақсаты - Алматы облысы Алакөл ауданы Жалаңашкөлдің маңайындағы  дәрілік өсімдіктерді QR-код стенді (мобильді кітапхана) арқылы оқушыларға туған жерінің табиғатын, өсімдіктердің түрлік құрамын тануға, сондай-ақ олардың пайдалы екенін білуге мүмкіндік беріп таныту болды. Сонымен қатар кітапханада жаңашылдықты сақ­­тай отырып, жаңа заманға сай кітап оқи білуге шақыру. Ға­лам­дық жаңа технологияларды пай­далана отырып, кітап оқу мәдениетін жо­ғалтпау! Биылғы, барлық байқаулар мен жобалардың қашықтықтан ұйымдастырылып жатқанына қарамай, ең үлкен жетістік иесі атанудамыз баса айта кеткеніміз жөн. Осы оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша аудандық ғылыми жобадан – І орын, облыстық ғылыми жобадан – І орын, Республикалық ғылыми жобадан – ІІ орын және күміс медаль марапатына ие болдық.  width= 2021 жылғы 8 мамыр - "Жылдың зияткерлік нәтижесі" Кезекті VII Халықаралық "Жас Ғалым" ғылыми конкурсын қашықтықтан өткізіліп, ZOOM платформасы арқылы ұйымдастырылып  Асетқызы Ділназ 3-ші орын иеленіп, WOOSONG Университетінің кез-келген мамандығына 50 % грантты ұтып алды. Бұл байқаудың ұйымдастырушылары: WOOSONG Университеті және WOOSONG білім беру қоры, SolBridge Халықаралық бизнес мектебі (Оңтүстік Корея, Теджон қ.), "QazaqGeography" республикалық географиялық қоғамы және "Global Сапа" орталығы - ҚР-дағы университет өкілі. "Жас ғалым " Халықаралық ғылыми байқауы 2011 жылдан бастап, 2015 жылдан бастап ҚР БҒМ бұйрығында өткізіліп келеді және осы уақыт ішінде оған 500-ден астам мектеп оқушылары қатысты. Жыл сайын осындай үлкен, ауқымды ғылыми жобалар өз жалғасын табатынына сеніміміз мол.

М.Ермозанова,

Биология ғылымының магистрі,

Алматы облысы Алакөл ауданы,

Достық ауылы Достық орта мектебі 

                                                     

Серіктес жаңалықтары