Маңғыстау облысының басқарма басшысы пара алғаны үшін 30 млн теңге айыппұл төлейді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады, дейді Курсив. 30 сәуірде Ақтау қалалық сотымен "Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары" ММ басшысына 30 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Ол "Жұмыспен қамту жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында Мұнайлы ауданындағы "кентішілік жолдар құрылысы" нысанында орындалған жұмыстар актісіне жедел қол қойды, сондай-ақ жұмыстар жүргізілген кезде оған одан әрі қолдау көрсетті және жол салғаны үшін 1 млн теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінген болатын. Бұған дейін Қызылорда облысында да шенеунік 3,6 млн теңге бюджет қаражатын жымқырғаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылған еді.
Жүктелуде...