Бишімбаев ісі: Байжановқа тағылған айыптың бірі алынып тасталды

Қазір сот отырысында жарыссөз басталды.

Бишімбаев ісі: Байжановқа тағылған айыптың бірі алынып тасталды
Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Әйелі Салтанат Нүкенованы азаптап өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың қылмыстық ісі бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр.

Айыптаушы тарап екінші айыпталушы Бақытжан Байжановқа Қылмыстық кодекстің 434-бабы бойынша (Қылмыс туралы хабарламау) тағылған айыпты алып тастау туралы өтініш бергендіктен, сот бұл бас тарту бойынша кеңесу бөлмесіне кетті.

Кейін судья прокурордың өтініші қанағаттандырылғанын, «Қылмыс туралы хабарламау» бабы бойынша Байжановқа тағылған айыптың алынғанын мәлімдеді.

Қазір сот отырысында жарыссөз басталды. Прокурор Айжан Аймағанова сөз сөйлеп, дәлелдер негізінде Салтанаттың қалай қысымға түскенін айтып жатыр.