Әб­саттар қажы Дербісәлі: Біз Ислам дінін қабылдаушы ел емес, дамытқан елміз

Әб­саттар қажы Дербісәлі: Біз Ислам дінін қабылдаушы ел емес, дамытқан елміз

Әб­саттар қажы Дербісәлі: Біз Ислам дінін қабылдаушы ел емес, дамытқан елміз
ашық дереккөзі
1085
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында, дәлірек 1990 жылғы 12 қаңтарда өткен Қазақстан мұсыл­ман­дары­ның тұңғыш құрылтайында дербес Қазақ­стан Мұсылмандары діни басқармасы құрылып, бас­қар­маның тұң­ғыш төрағасы, Бас мүфтиі болып Рәтбек Ны­санбаев сайланды. Одан кейін 2000 жылы өткен ІІІ құрыл­тайда ҚМДБ-ның төрағасы әрі Бас мүфтиі болып про­фес­сор Әбсаттар Дербісәлі, 2013 жылғы 19 ақпанда кезек­тен тыс өткен VII құрылтайда Ержан қажы Мал­ғажыұлы, 2017 жыл­ғы 8 желтоқсанда өткен кезекті VIII құрылтайда Серік­бай қажы Ораз сайланды. Ал 2020 жыл­ғы 7 ақпаннан бері Қазақстан Мұсылмандары діни бас­қармасының төрағасы әрі Бас мүфти қызметін Наурызбай қажы Таған­ұлы ат­қа­рып келеді. Ислам әдебиеті мен мәде­ние­тінің арғы-бергі тарихы және тео­риясының асқан білгірі, шы­ғыс­танушы, дінтану­шы ғалым, бұрын­ғы Бас мүфти, хазірет Шейх Әб­саттар қажы Бағысбайұлымен Қа­зақ­стан тәуелсіздік жылдарын­дағы діни ахуалы жайлы әңгіме өрбіткен едік. – Қазақстан мұсылмандары ел тәуелсіздік алғаннан бері бі­­раз сатыдан өтті. Осынау тәуел­­сіздік жылдарында елі­міз­дің діни саласында жеткен же­тістіктері деп нені айтар едіңіз? – Ауыз толтырып айтарлықтай игі іс­тер әрине көп. Ислам діні тек құл­шылық жасаумен шектелмейді. Ол – ілім-білім діні. Сондықтан да елі­мізде 2000 жылы «Нұр-Мүбарак» Еги­пет ислам мәдениеті универ­си­тетін аштық. Бұл тарихи үлкен оқи­ға болды. Одан өзге еліміздің түр­лі аймақтарынан тоғыз мед­ресе-колледж ұйымдастырдық. Мен мүфтиліктен ғылым, білім са­­­­ласына оралғанға дейін респуб­ли­камызда 2 500-дей мешіт салын­ды. Оның барлығының тарихын жазып, энциклопедиялық еңбек ре­тінде жарыққа шығардық. (Тәуел­сіз Қазақстанның мешіттері мен медреселері. Рухани шам­шырақтар (IX-XX ғ.). Алматы 2009 ж; «Қазақстанның мешіттері». Ал­маты 2011 ж, 2 том; «Қазақстанның діни оқу орындары». Алматы 2011 ж., барлығы қазақ, орыс, ағылшын, араб тілдерінде шыққан). Осы ең­бектерде еліміздегі ислам діні және ме­шіт-медреселердің, руханият қай­раткерлерінің тарихы то­лық­қанды жазылды. Бұрын елімізде ресми түрде ді­ни мейрам атап өтілмейтін. Мен осыны Елбасы Н.Назарбаевқа ай­тып, 2005 жылы тұңғыш рет Құр­бан айт мерекесін діни мереке ре­тінде атап өттік. 2000 жылдары мен Сауд-Ара­биясында Меккеде дипломатиялық қызметте болатынмын. Елбасы ша­қырып «еліміздегі діни ахуалды рет­теңіз, ең құрыса бір жыл іс­теңіз» деді. Мен бір емес, 13 жыл қыз­мет еттім. Орта Азияда көп жыл мүфти болғандардың бірі –мен. Осы жылдарда көптеген игі іс ат­қарылды. Әсіресе, ғылымға көп көңіл бөлдік. Кейін Елбасына «ғы­лым саласына оралайын» деп өті­ніш жасап, ғылымға түбегейлі бет бұрдым. – Біздегі дін ғылымнан алыс­тап барады дейтіндер көп. Дін мен ғылым екі бөлек фе­но­мен дейтіндер де бар. Бұған не дейсіз? – Мен Бас мүфти болып тұрған тұс­та ғылымға мейлінше көп көңіл бө­лінді. «Қазақ КСР Тарихында» ор­та ғасырларда ғұмыр кешкен ой­шыл-кемеңгерлерден 4-5 кісі­нің ға­на аты аталатын. Тәуелсіз­дік­тен кейін шыққан тарихта сол сан өзгере қойған жоқ. Ал мен қазақ да­ласынан шыққан 200-ден астам ғалымды таптым. Жұрт Отырардан шыққан Әбу Насыр әл-Фарабиді ғана біледі. Мен тағы 32 әл-Фара­бидің дерегін анықтадым. Өзге де Сайрами, Түркістани, Сығанақи, Женди, Таразилер қаншама! Қазақ даласы – осындай ғұламалардың кие­лі топырағы. Бірде Үндістанға барғанымда сол елдің ғалымдары: «Кашмир­лік­тердің мұсылман болуында сіз­дердің аталарыңыздың үлкен рөлі бар. Моңғол шапқыншылығынан кейін Орта Азиядан 600 софы ке­ліп, бізді ислам дініне енгізген», – деді. Мен Кашмирде қызмет еткен, Түркістаннан шыққан оннан астам тарихи ғалым бабаларымыздың мұраларын таптым. Одан бөлек Үндістанның астанасы Делидің оңтүстік жағындағы Тұғлақабад қаласында Имам Замин Түркістани деген кісінің кесенесін көрдім. Ол Мұхаммед Хайдар Дулати, Мұхам­мед Заһир ад-Дин Бабыр тұсында өмір сүрген ғалым екен. Бұл кісінің өмірі мен шығармашылығын зерттеу үстіндемін. Кезінде Алматыдан имамдар­дың біліктілігін арттыратын Ислам институтын ашқан едім. Елімізде діни кадларды даярлауды сөйтіп бір жүйеге келтірдік. – Діни білім беру ісі бойын­ша нақты қандай жұмыстар ат­қарылды? Тарқатып айта кет­сеңіз? – Ислам – үлкен өркениет. Біз жай ғана ислам дінін қабыл­да­ған ел емеспіз, оны дамытқан ел­міз. 2000 жылы «Ислам және өрке­ниет» атты газет, «Иман» атты жур­нал ашылды. Оған имамдары­мыз­дың мақала жазып тұруы дәс­түрге айналды. 2000 жылы Елбасыға жолығып: «Діни кадрларды шетелде даярлауға болмайды. Мектепті енді ғана бі­тір­ген жастарға онда не үйрететіні бел­гісіз. Қандай мақсатпен дайын­дап жіберетінін қайдан білеміз, басқа мамандықтар жарайды, бірақ дін мәселесі – өте күрделі әрі нәзік сала. Сондықтан исламтанушы­лар­ды өз елімізде даярлайтын жоғары оқу орны керек» деп жоғарыда ай­тылғандай, «Нұр-Мүбарак» Еги­пет ислам мәдениеті универ­си­тетін ашу керектігін айттым. Елбасы қолдады. Қазір еліміздегі имамдар бака­лавриат, магистратура, PhD бітіруге талпынуда. «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің про­ректоры, кафедра меңгерушісі де – менің шәкірттерім. Қазір «Нұр-Мүбарактан» жақсы ғалымдар шы­­ғып келеді. Мен ұсынған ғы­лыми та­қырыптарды қорғауда. Қа­зір араб елдерінің кез келген ға­лымы­мен тең түсетін ғалым­дары­мыз бар. Олар араб тілінде пі­кір талас­ты­ратын деңгейге жетті. Египеттен кел­ген ислам ғалымдары бірде біздің жас ғалымдарды көріп, тың­дап таңғалды. Олар – Қайрат Құр­манбаев, Қайрат Жолдыбай, Нұр­лан Анарбай, т.б. Одан бөлек, 2000 жылдан бері 20-ға жуық ғы­лым док­торы даярланды. ҚазҰУ-дың Шы­ғыстану факультетінен 10 елші шықты. Қазіргі Премьер-Министр­дің орынбасары, Сыртқы істер ми­нистрі Мұхтар Тілеуберді, оның бі­рінші орынбасары Шаһрат Нұры­шев те – менің шәкірттерім. – Ел тәуелсіздік алғаннан кейін халық бұрын қол үзіп қал­ған исламға жаппай бет бұ­ра бастады. Бірақ сонымен бір­ге шеттен әртүлі жат ағым­дар мен арандатушы топтар ене бастады. Оның зардабын әлі тартып келеміз... – Ол заңның әлсіздігінен бол­ды. Оған бірақ мемлекетті кінәлай ал­маймыз. Өйткені Кеңес Одағы ке­зінде Орта Азияға сырттан бірде-бір мұндай жат ағым өкілдерін қия бас­тырмайтын. Өйткені заң бар, қадағалау бар. Ал тәуелсіздіктің ал­ғашқы жылдарында есіктің бәрі ай­қара ашылды. Кім болса сол келді. Көптеген отандасымыз зиян­ды сайттардағы діни уағыздардың жетегінде кетті. Біз дінбұзарлармен көп күрестік. Есесіне көптеген дұш­пан да таптым. Осы кезде қоғамда «Діни бас­қар­ма ­қайда қарап отыр?» дейтін­дер табылды. Діни қызметкерлердің қолында не құзырет бар? Мүфти про­курор емес қой. Осы мәселені зерт­тей келе, жат ағымдармен тек өр­кениетті жолмен күресіп, заң ар­қылы реттеу керегін түсіндім. Осы мәселені шешетін арнайы заң қа­былдануына атсалыстым. Мем­лекет бірте-бірте осындай мәсе­ле­лерге де назар аудара бастады. Со­ның нәтижесінде көптеген теріс пиғылды ағымдарды наси­хат­тау­шы сайттар жабылды. Одан басқа да олардың әртүрлі зиянды әрекет­теріне тосқауыл қойылды. сөйтіп, бұл іс біршама нәтижесін берді. Ислам діні де, мемлекет те дін­дер арасындағы татулық, ын­ты­мақтастық секілді нәрселерге көңіл бөледі. Жоғарыда атап өткенімдей, әртүрлі діни жат ағымдармен кү­ре­суде тек мемлекеттің рөлі зор еке­ні белгілі. – Тәуелсіздіктен бері қасиет­ті саналатын Құран кітабының елімізде бірнеше аудармасы шық­ты. Бірақ көпшілігі оқыр­ман көңілінен шыға қой­ма­ғандай. Аударма тілінің жұтаң­дығы, кедір-бұдырлығы бай­қа­лады. Бұған әлі де бірізділік же­тіспей жатқан сыңайлы. – Рас, бұл мәселеде де келешекте ат­қарылатын жұмыс көп. Қасиетті Құранның қазақ тілінде бірнеше аудар­масы бар. Бірақ бір-бірінен айырмашылық байқалады. Өмі­рін­де бірде-бір мақала жазбаған, ау­дар­ма жасап көрмеген адамдар қа­лайша мү­барак Құранды аудара­ды? Осы мәселе бойынша кон­ферен­ция ұйым­дастырылуы керек қой деп ой­лаймын. Аудармалар ді­ни қай­раткерлердің талқысына түсіп отыр­са игі.

Әңгімелескен Бақытбек ҚАДЫР

Серіктес жаңалықтары