Бас Прокурор Берік Асылов Халықаралық ынтымақтастық саласында 3 келісім (Катармен экстрадициялау және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету, сондай-ақ Кипрмен сотталғандарды ауыстыру туралы) ратификацияланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оның айтуынша, маусым айында Еуропа Кеңесінің министрлер комитеті Қазақстанның Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы конвенциясына қосылутуралы өтінімін бірауыздан қолдаған.
"Бұл Еуропаның 46 елінен қылмыстық істер бойынша дәлелдемелерді алуға мүмкіндік береді.
Алдағы кезеңде прокуратура Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді, оның ішінде елімізде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» міндеттерін нақты орындауды жалғастырады", - делінген жазбада.