50678
Исландияда жаңа оянған жанартау сатылып жатыр
Исландияда жаңа оянған жанартау сатылып жатыр
Исландияда наурыз айының соңында оянған Фаградальсфьядль жанартауы тұрған жердің иесі жер телімін вулканымен қоса сатуға шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Bloomberg-ке сілтеме жасап.
Жер телімі құқығының бір бөлігі тиесілі Анна Тордис Гудмундсдоттирдің айтуынша, екі адам жанартауды сатып алуға ниет білдірген. Мамандар вулкан көп жылдар белсенді күйінде қалуы мүмкін деп болжап отыр. Жанартау атқылай бастағалы бері жер иелері жаңа туристік орынға адамдардың еркін жетуін қамтамасыз ету үшін жергілікті билікпен бірге жұмыс істеген. Исландияда көзге көрінерлік көрікті жер болса сонда кіріп-шыққандардан меншік иесіне ақы алуға заң рұқсат береді. Алайда елдің үкімет басшысы Катрин Якобсдоттир жанартау тұрған жерді мемлекет сатып алмайтынын, оны меншікке алғысы келетіндер болса осы орынға турист келуіне шектеу болмайтынын мәлімдеген.