50198
Алматыдан 352 шақырым қашықта жер сілкінді
Алматыдан 352 шақырым қашықта жер сілкінді
ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 16 мамыр күні 22 сағат 45 минутта жер сілкінісін тіркеді.
«Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 352 шақырым қашықта, Қазақстан мен Қытай шекарасында орналасқан. Энергетикалық санаты – 10,3. MPV магнитудасы – 4,7. Тереңдігі – 15 шақырым», - делінген хабарламада. Жер дүмпуі Алматыда сезілмеді.