Экс-министр Біртанов тағы бір іс бойынша күдікке ілінді

Экс-министр Біртанов тағы бір іс бойынша күдікке ілінді

Экс-министр Біртанов тағы бір іс бойынша күдікке ілінді
ашық дереккөзі
Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов тағы бір іс бойынша күдікті деп танылды. Ақпаратты экс-министрдің адвокаты Нұрлан Бейсекеев растады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Адвокаттың айтуынша, 11 мамырда Елжан Біртанов санавиациямен байланысты іс бойынша күдікке ілінген. Коронавируспен ауырған экс-министрді санитарлық авиациямен тасымалдау кезінде заң бұзушылыққа жол берілген көрінеді. "Бұл қылмыстық іс 2020 жылғы қазанда қозғалған болатын. Біртанов енді ғана күдікке ілінді, дегенмен осы уақытқа дейін бірқатар қажетті тергеу әрекеттері жүргізілді", - деді адвокат. Адвокаттың пікірінше, экс-министр коронавируспен ауырған уақытта оны санитарлық авиация арқылы Тараздан Нұр-Сұлтанға жеткізген кезде заң бұзушылыққа жол берілгені туралы істің тергеле бастауы дәл осы жағдаймен байланысты. "7 сәуірде тергеуші оны (Біртановты) санитарлық авиация туралы іс бойынша шақырған кезде, ол тергеушіге қоқан-лоққы жасалып жатқанын түсіндіріп, өз құқығын пайдаланып, түсініктеме беруден бас тартты. Бірақ тергеуші кім қоқан-лоққы жасағанын бірден анықтамады. Бес сағаттан кейін ғана қимылдай бастады. Бұл оның (тергеушінің) қоқан-лоққы туралы айтпай-ақ білетінін болжауға негіз болды. Ал алдыңғы күні (12 мамырда) тергеуші Біртановты COVID-19 індетін жұқтырған уақытта оны Тараз қаласынан Нұр-Сұлтанға тасымалдау кезінде бюджет қаражатын талан-таражға салған күдікті ретінде таныды", - деп Біртановтың адвокаты Дмитрий Куряченко Sputnik Қазақстан тілшісіне жағдайды түсіндірді. Еске сала кетейік, мамыр айының басында сот Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 2021 жылдың 14 маусымына дейін ұзартты. Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов  сотта ешқандай сыбайлас жемқорлық қылмысын жасамағанын мәлімдеді.