«Бақытты келіншек» кітабы жарық көрді

«Бақытты келіншек» кітабы жарық көрді

«Бақытты келіншек» кітабы жарық көрді
ашық дереккөзі
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында журналист, телепродюсер, PhD докторы, көпбалалы ана Алма Сайлауқызының «Бақытты келіншек» кітабының тұсаукесері болып өтті. Деректі-мотивация жанрында жазылған бұл бірегей туындының тұсаукесері 15 мамыр Халықаралық отбасы күніне орайластырылған.
Алма Сайлауқызы, журналист, кітап авторы:  width= –Келіншек деген сөз тек қазақ тілінде бар. Мұны ағылшын тіліне вумэн, орыс тіліне женщина деп аударамыз. Ал бізде жалпылама айтылатын әйел сөзімен қатар келіншек деген ұғымның жақсы келін атану деген мағынаға ие екенін көпшілік біледі. Қазақ тіліндегі осы бір керемет сөзді мән-мағынаға толтырып, оның мазмұнына үңілуге тырыстым. Қыз-келіншектер осы кітапты оқи отырып, білмегенін үйреніп, білетін дүниелеріне қайтадан сараптама жасап, бақытты болуға ұмтылса екен деген тілек менде.
Жұлдыз Сүлейменова, Мәжіліс депутаты:

 width=– Алмамен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де бірге оқыдық. Одан бөлек «Азамат» пікірсайыс клубында бірге жұмыс істедік. Бұл кітаптың педагогикадағы орны ерекше деп ойлаймын. Себебі біз бұған дейін ХХ ғасырда педагогикада бақыт туралы кітапты тек ғалымдар жазу керек деп ойлап келдік. Ал педагогиканың құрамдас бөлігі ата-ана екенін ХХІ ғасырда ғана түсіне бастадық. Оған дейін баланың тәрбиесіне тек мектеп жауапты деген қасаң түсінік қалыптасқан болатын. Сосын бақыт дегенді барлығымыз қас-қағым сәтте пайда болатын сезім ретінде түсінеміз. Бірақ соңғы уақытта көпбалалы аналардың, әйелдердің мәселесі жиі көтерілуіне байланысты мемлекет тарапынан жасалған түрлі бағдарламалар арқылы «Бақытты отбасы», «Бақытты ана» секілді ұғымдарға көпшілік тереңінен қарай бастады. Сол себепті Алманың бақыт туралы дер кезінде жазылған осы кітабы өз оқырманын табады деп ойлаймын.

Оңайгүл Тұржан, ақын, филология ғылымдарының кандидаты, ЕҰУ доценті:  width=–Алманы таныған күннен бастап оның өте табанды, ғылым десе ішкен асын жерге қоятын және өте бақытты адам екенін байқадым. Адамтану ғылымында бақытты адамның айналасында тарататын энергетикасы күшті екені дәлелденген. Қазір қыз баланың тәрбиесіне қалай қарау керек деген мәселе бірінші орында тұруы қажет. Алманың кітабы осындай мәселеге жауап береді деген сенімдемін. Қазір оқырман осындай кітаптарды таппай жүр. Олар қазақтілді кітаптар таппаған соң, шетелдік авторларының туындысын қыруар ақшаға сатып алады, тіпті мазмұны жоқ кітаптарды да сатып алып оқиды. Сондықтан Алманың кітабы бақыт туралы қазақтілді кітап іздеген адамға азық болады деп ойлаймын.