Қарағандыда терезеден құлап кеткен мем.қызметкердің өлім себебі анықталды

Қарағандыда қалалық әкімдік ғимаратының терезесінен құлап кеткен 37 жастағы қызметкердің өлім себебі анықталды.

Жазатайым оқиғаны тергеп-тексерумен Қарағанды облысының Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы құрған арнайы комиссия айналысып, нәтижесін жариялады.

«Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» ММ қызметкерімен болған қайғылы жазатайым оқиға фактісі бойынша арнайы тергеу жүргізілді. Комиссия келесі себептерді анықтады: жұмыс беруші тарапынан тиісті бақылаудың болмауынан жұмыс өндірісінің қанағаттанарлықсыз ұйымдастырылуы, зардап шегушінің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулықтардың талаптарын сақтамауынан болған өрескел абайсыздық», – деп хабарлады Қарағанды облысының Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасынан.

Комиссия жұмысының нәтижесі полицияға жолданды. Өңірдің Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы құқыққорғау органдары ҚР заңнамасына сәйкес тиісті шешім қабылдайтынын қосып өтті.

Back to top button